Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1660928427

Коммуналдық мемлекеттік мекеме
"№14 орта мектеп Ю. А. Гагарина"
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Конкурс туралы хабарландыру


                     Петропавл қаласының     «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының

            білім  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Ю. А. Гагарин атындағы №14 орта мектеп" КММ келесі бос лауазымдарға конкурс өткізетіндігін хабарлайды:

     

    - Бастапқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі

    Лауазымға кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім.

     

    Білу керек:

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және білім берудің бағыттары мен міндеттерін айқындайтын өзге де басшылыққа алатын нормативтік құқықтық актілер; оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика және психология; пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері; педагогикалық әдеп нормалары; оқу кабинеттері мен қосалқы кабинеттерді жабдықтауға қойылатын талаптар; құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру; еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитарлық қағидалар мен нормалар.

     

    Лауазымдық міндеттері:

    Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; білім алушының педагогке құрметпен қарауын тәрбиелейді, қарым-қатынастың іскерлік стилін және сөйлеу әдебін сақтауға үйретеді, жаңа тәсілдерді қолданады, оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып оқытудың тиімді әдістері, тәсілдері мен құралдары; пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарларды,  бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды жасайды; бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан ойынша жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша түсініктемелермен талдау жүргізеді; электронды журналдарды толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес жеке, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

     

     оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын зерделейді.  Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің бейімділігіне, инклюзивтік білім беруге жағдай жасайды; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; қажет болған жағдайда интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады; әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілікті арттырады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс қағидаларын сақтайды; білім беру үрдісі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді; ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес құжаттарды толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

     

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде электрондық немесе қағаз түрінде келесі құжаттарды ұсынады:


    1) хабарландырудың қосымшасына сәйкес үлгідегі қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

     

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

     

    4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

     

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

     

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).


    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;


    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;


    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).


    10) Хабарландырудағы қосымшаға сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.6)


    Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.


            Конкурсқа қатысуға Кандидат Комиссияның қарауына біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) бере алады.


             Құжаттар хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150000 Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Калюжная көшесі 22; тел. 52-47-52; э/ мекен-жайы: sch14@sqo.gov.kz

     

    Анықтама телефоны: 8 (7152) 52-47-52

     

    Конкурстық шаралар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерту енгізу туралы 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 " Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық, орта білімнен кейінгі білім беру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау Ережелерін екіту туралы" бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

     

     

    19.08.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
    Мектеп мәзірі

    Президенттің
    жолдауы

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер