Биылғы көктем суы мол келді. Тасқан Есіл өзені Петропавлға іргелес жатқан Подгора, Заречный, Кожевенный және т.б. ауылдарды ішінара су басты. Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы ауыр деп бағалануда. Төтенше жағдай енгізілді. Біз барлығымыз не болып жатқанын жақсы білеміз және табиғи ортаның барымтасына түсіп, кенеттен баспанасынан, дүние-мүлкінен, күнкөріс көзінен айырылған отандастарымызға жанашырлық танытамыз. Бұл бақытсыздық ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Біздің азаматтар зардап шеккен аймақтардағы адамдардың өмірі мүмкіндігінше тезірек жақсаруы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Мария Валерьевна және
Қанат Мұқатұлы Галеевтерге, № 10 орта мектебінің мұғалімдеріне, Ольга К., Алла Ш., Вера Д., Татьяна П., Наталья Ч., Степан П., Ахтенберг Ирина Сергеевнаға, Синицких Елена Владимировнаға, Александр. С. «Кантцмаркет» дүкендерінің ұжымына мектебіміздің оқушыларына кеңсе тауарларын алуға көмектескен үшңн алғысымызды білдіреміз. Төзімділік, шыдамдылық және өзара көмек су тасқынының салдарын жеңуге көмектеседі.